Тәуелсіз Қазақстан жылнамасындағы жетінші президент сайлауы да өз мәсересіне жетіп қалды. Сайлаудың еліміздің саяси һәм әлеуметтік өміріне әкелетін өзгерісін сарапшылар жағы бағамдауда.
Жеңіс Ермұқанов, тілші:
Бүгін төрткіл дүние Қазақстанға көз тікті. Түрлі ақпараттық алаңдарда халықаралық бақылаушылар елдегі президенттік сайлауға қатысты пікірлерерін жарыса білдіруде. Бәрінің ортақ ойы «бұл саяси науқанда демократияның ұшқыны айқын аңғарылғанына» саяды.
Саяси науқан әлемдік БАҚ өкілдерінің де жіті назарында. Олардың бірі түркиялық журналист Мурат Софуоғлы елімізге арнайы келіп сайлау барысынан жан-жақты ақпарат таратып жүр.
Murat Sofuoğlu, TRT world, senior producer, Turkia:
Жалпы, мен көптеген адамдардан, соның ішінде шенеуніктерден және сарапшылардан саяси мәселелер бойынша сұхбат алдым. Сол кезде адамдардың саяси реформаға ашынғанын байқадым. + Бұл елде қарапайым адамдар неғұрлым көп және азаматтардың басым бөлігі елдегі саяси шешімдердің қабылдауына өз үлесін қоса алады. Сонымен қатар, Қазақстан тұрғындары ел экономикасының өркендеуіне де септігін тигізуі керек. + бұл сайлау Қазақстанды жаңа деңгейге көтеруі мүмкін.
Отандық сарапшылар да Бүгінгі сайлау билікпен азаматтық қоғамның тығыз әріптестігіне жол ашатынын айтады. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі Асқар Нұршаның пікірінше, халық үніне құлақ асатын кез жетті. Бұдан былай бұқараның әл ауқатын асыратын әлеуметтік мәселелерге басымдық беріліп, қоғамдық үрдістерді оңтайландыруға бағытталатын үкіметтік емес ұйымдардың мерейі үстем бола түседі дейді қазақстандық сарапшы.
Асқар Нұрша, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі
Бұл сайлаудың қорытындысы бойынша біз биліктің жаңа сапаға өтетінін көреміз. Бізде бірнеше кандидат бар. Әрбірі мемлекеттің дамуына қатысты көзқарасын білдіретін өз бағдарламасын ұсынды. Бұл сайлауда бізде екі әйел кандидат бар. Бұл орайда қоғам әйел адамды басшы ретінде көре алама деген сұрақ туындайды. Саяси науқан осыныда танытады. Бізде түрлі саяси және әлеуметтік тәжірибесі бар қоғамның түрлі өкілдеріде бәгеге түсті. Ел игілі гі үшін аса ұтымды бағдарламаны ұсынатын үміткер ғана шын мәнінде жеңіске жетеді.
Жеңіс Ермұқанов