Шахматтан әлем чемпионатында Дин Лижэнь төртінші партияда есепті теңестірді

Оның қарсыласы, ресейлік Ян Непомнящий 47-ші жүрістен кейін ұтылғанын мойындады. Осылайша, қытайлық гроссмейстер сериядағы есепті 2:2 қылып теңестірді. Бұған дейін  қос қарсылас бір реттен жеңіске жетіп, екі партияны тең аяқтады. Бесінші партия 15 сәуір күні өтеді.

Еске салайық, 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақстан астанасында шахматтан әлем чемпионаты өтуде. 7 ұпайдан жоғары жинаған шахматшы әлем чемпионы атанады.