Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, онда заңға сәйкес барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдегі әліппе ретімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген, сондай-ақ «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілді.
Дауыс беру қағазы сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1% мөлшерінде резервпен дайындалады. Ұсынылған сайлаушылар тізіміне сәйкес, біртұтас жалпыұлттық сайлау округы бойынша, 11 млн 950 мың 485 сайлаушы бар. Еске салайық, қазақстандықтар 4 қарашадан бастап өз деректерін учаскелерде тексере алады. Ол үшін жергілікті әкімдіктің веб-сайтына кіру керек немесе байланыс орталығына қоңырау шалу керек.
Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы:
4 қарашадан бастап 19 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ге дейін азаматтарға тиісті сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізімінде өздерін тексеруге, сондай-ақ, басқа сайлау учаскесінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға мүмкіндік беріледі. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру күні дауыс беру құқығына тіркелмегені туралы куәлікті көрсеткеннен кейін сайлаушыны оның орналасқан жеріндегі сайлау учаскесі бойынша тізімдерге енгізеді.
Сонымен қатар еліміздің ОСК хатшысы Мұхтар Ерман халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы хабарлады.
Мұхтар Ерман, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
Орталық сайлау комиссиясы 4 халықаралық ұйыммен, 3 шет мемлекеттен жалпы 76 байқаушыны аккредитациядан өткізді. 22 жылғы 31-ші қазандағы жағдай бойынша орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйыммен 5 шет мемлекеттен 63 байқаушы аккредитациядан өткізу үшін ұсынылды. Аккредитациядан өту үшін осы ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отыратын болады.