Қазақстанда өткен жылы 4 ірі
инфрақұрылымдық жоба аяқталды. Атап
айтқанда, Екібастұздағы бірінші Мемлекеттік аймақтық электр стансасының
энергоблогы қалпына келтірілді, Сиань қаласында көлік-логистика терминалы жұмыс
істей бастады, Алматының энергетика кешеніне қажетті газ инфрақұрылымының
құрылысы аяқталды, Қарашығанақ кен орнында газды кері айдауға арналған
компрессор пайдалануға берілді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан
Жақыпов айтты. Жалпы компаниялар тобының 2024 жылы таза табысы 39 пайызға
өскен. Жыл соңына дейін тағы 7 ірі инвестициялық жоба аяқталмақ. Оның ішінде Ақтау
портындағы контейнерлік хаб та бар.

