Әлем бойынша жылына өндірілетін 94 млн баррель мұнайдың 2 млн-ы Қазақстанға тиесілі. Бұл туралы energyprom.kz. хабарлады. Рейтингте 1-орынға АҚШ жайғасты, олардың үлесіне әлемдік өндірудің 20% тиесілі. Көшбасшылар үштігіне Сауд Арабиясы мен Ресей де кірді. Әр елдің үлесі 11% құрайды.
Айта кетейік, ТОП-10 мемлекет күніне мұнай өндірудің барлық көлемінің 72% қамтамасыз етеді екен. Қазақстанда қаңтар айының басынан бері 36 млн тоннадан астам шикі мұнай алынды, бұл күтілген көрсеткіштен асып түсті. Негізгі көлемі Атырау облысына тиесілі. Екінші және үшінші орындарды Маңғыстау мен Ақтөбе облыстары иеленді.
Жыл сайын жанармай өндірісінің өсімі байқалады. Жыл басынан бері Қазақстан 10,5 млрд долларды құрайтын сомаға 27 млн тонна шикі мұнай экспорттады.