Қазақстанның астық саласын қолдауға 40 млрд теңге бағытталады. Қаржы Үкімет
резервінен Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында бөлінді. Тиісті
қаулыға Премьер-министр қол қойды. Қаражатты қазақстандық астық экспортының
бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен жаңа өткізу нарықтарын игеруге бағыттау
жоспарланып отыр. Айта кетейік, өткен жылы елімізде 25 млн тонна дәнді дақылдар
жиналды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ішкі нарықтағы сұраныс - шамамен 10 млн
тонна. Ал 12 млн тоннадан астамын экспортқа шығару көзделген. Дені бұрынғы
нарықтарға, 2 млн тоннасы жаңа
бағыттарға сату үшін жөнелтілді. Негізінен отандық өнімді Өзбекстан, Тәжікстан,
Қырғызстан, Ауғанстан импорттайды. Сондай-ақ, Иран мен Әжербайжанға біздің
астықты жеткізу көлемі ұлғайды.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

