Астанада ҚХА 30 жылдығына арналған көрме ашылды

Астанада ҚХА 30 жылдығына арналған көрме ашылды

Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды. Онда Президенттік орталықтың мұрағатынан, кітапхана мен музей қорларынан жинақталған 100 тарта құнды жәдігер ұсынылды. Негізінен тарихи құжаттар мен фотосуреттер және кең байтақ елімізді мекендейтін түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киім үлгілері қойылған. Көрме екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы қоғамдық ұйымның даму тарихынан сыр шертеді. Ал, екіншісі этносаралық және жалпы ұлттық келісімді насихаттайды. Сондай-ақ, қылқалам шеберлерінің туындылары да паш етілді.


Ботагөз Кайыпова, ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары:

- Негізінде бұл іс-шара жылдық күнтізбеміздегі шаралардың бірі. Қазіргі таңда Президенттік орталық алаңында екі көрме - Ассамблеяның 30 жылдығын атап өтті. Міне, бүгінгі ашылып жатқан көрме және де Қазақстан-Австрия суретшілерінің, қыл-қалам өнерінің шеберлерінің көрмесі бұл оқиғаны атап өтуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?