Қытайлық
компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға дайын. Жоспарда астық
өңдеу зауытының құрылысы бар. Ол келесі жылы басталмақ. Сондай-ақ, аспан
асты елінің кәсіпкерлері суды жаңбыратып шашырататын машиналар мен
тамшылатып суару жүйелерін, қызанақ пастасын шығаруды жолға қоюға және басқа да
жобаларды іске асыруға мүдделі. Бұл туралы еліміздің вице-премьері Серік
Жұманғариннің Үрімжідегі Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен
кездесуі кезінде белгілі болды. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық
делегация аспан асты елінде сапармен жүр. Оның
құрамында
250-ден астам мемлекеттік органдар мен жеке сектор өкілдері бар.