Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Александр Герлиц шаңғы жарысында бесінші орыннан көрінді. Отандасымыз еркін стильдегі спринтті 3 минут 13 секундта аяқтады. Бірінші болып келген француз Бенджамин Давиеттен озу үшін 5,5 секунд жетпей қалған. Үшінші орынды украиналық Григорий Вовчинский иеленді.
Еске салайық, Александр Герлиц – Қазақстан қоржынына алғашқы медаль әкелген спортшы. Ол биатлон жарысында 10 шақырым қашықтықта өнер көрсетіп, қола медальге ие болды.