Айта кетейік, дәл осы аспан асты елінің нарығындағы ең ірі электронды сауда алаңында 1 млн астам тауар түрі ұсынылған. Оның қатарын толықтыру келіссөздеріне экспорттық әлеуеті зор 10-ға жуық отандық кәсіпорын қатысты. Бұл негізінен күнбағыс, рапс майы, кондитерлік өнімдер, сусындар мен тағам өндірушілері.Сарапшылардың сөзінше, Қазақстанда электронды коммерция нарығы қарқын алып келеді. Мәселен, былтыр көрсеткіш 1,3 трлн теңгені құрады. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ке жоғары.