Биыл елімізде жастардың бастамаларын қолдауға 250-ден астам шағын грант бөлінді. Оның асында әр қатысушы өз жобасын дамытуға 1 млн теңгеге дейін қаражат ала алады. «Zhas Project» жобасы Қазақстан жастарының мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Қатысушылар әлеуметтік жобаларды іске асыра алады. Сондай-ақ, олар тәлімгерден кеңес пен бағдар алады. Айта кетейік, байқауға 18-28 жас аралығындағы жастар қатысады. Құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін жалғасады. Биыл жобалардың айтарлықтай бөлігі Маңғыстау облысында жүзеге асырылғалы отыр.
Наурызбек Мағдатов, «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:
– Қатысушылар өз жобасының қай бағытта болатынын шешкеннен кейін біздің веб-сайтта тіркеліп, өз өтінімдерін беруі қажет. Барлық тіркелген өтінімдер екі кезеңдік іріктеуден өтеді. Алдымен техникалық іріктеу. Мұнда жобаның негізгі талаптарға сәйкестігі тексерілсе, екінші жобаның конкурстық комиссися өткізіледі.