Ата кәсіпті жаңғыртушы шеберлердің төл өнімдері e-commerce сауда алаңында ұсынылады. Қолдан жасалған ерекше бұйымдар арнайы құрылған интернет-дүкенінде саудаланады. Игі бастама еуропалық одақтың қаржыландыруымен «Ready4Trade» жобасы аясында жүзеге асырылады.
Кестутис Янкаускас, Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі:
- Орталық Азия ерекше салт- дәстүрлерге, бірегей мәдениет пен көне қолөнер түрлеріне бай өңір. Алайда, олардың мән-жайы жөнінде әлемде бәрі бірдей біле бермейді. Дәстүрлі қолданбалы өнерді жаңғыртып жүрген шеберлер бар. Қышпен жұмыс жасайтын көзешілер, әшекей бұйымдар соғатын зергерлер бар. Біз қазір бірнеше құрлыққа шыққан әлемдегі ірі маркетплейстің бірімен келіссөздер жүргізудеміз. Оларға Орталық Азия өңірінің көлөнершілерімен де жұмыс жасауды ұсындық. Басшылық тарап бұл ұсынысты бірден құп көрді.
Электронды сауда алаңында өз жұмыстарын Орталық Азияның өзгеде елдерінің қолонершілері орналастыра алады. Дипломаттың айтуынша, аталмыш жоба аймақ шеберлерінің қолынан туған ерекше дүниелерді жахандық деңгейде танытуға жол ашады. Бастапқы кезеңде тек 40 қолонерші іріктеледі. Оларға онлайн тұғырнамаға тіркеліп, тауарын таныстырудан бастап сатып алушыға жеткізуге дейін үйретіледі.
Сондай-ақ, орталықазиялық шеберлер өзге сауда алаңдарына да қол жеткізе алады. Кәдесыйлары ЮНИСЕФ-те, Смитсондық халық шығармашылығы фестивалінде, «Road Scholar» Дүниежүзілік базарында және басқа да танымал халықаралық маркетплейстерде ұсынылады.
Кестутис Янкаускас, Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі:
- Жоба ең алдымен аймақтың саудаға қатысты ішкі кедергілерін жойып, қолөнершілерді ынталандыруға бағытталған. Орталық Азия елдері 75 млн астам халқы бар аса ірі нарықтардың бірі. Сонымен қатар, Еуропалық одақ пен өзгеде әлемдік нарықтарға шығуына жол ашады. Бағдарлама өңірдің қолөнершілеріне электронды сауданың заманауи тетіктерін пайдалану үшін кең мүмкіндік береді. Орталық Азияның қолөнершідері Еуропалық одақтағы әріптестері сынды экономиканың негізігі күшіне айналуы тиіс деп санаймыз. Ірі кәсіпорындар бұндай демеуді қажет етпейді. Сандық тұғырнамалар арқылы өнім өткізу халықаралық сауданың болашағы деп білеміз. Біз жобаға белсенді қатысуға шақырамыз.