Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, қазір елімізде көзі тірі 222 майдангер және 60 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады.
Еске салайық, сұрапыл соғыс жылдары майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық аттанған. Қазақ жерінде 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталды. Ерен ерлігі үшін жүздеген мың отандасымыз медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық бұл аттаққа екі мәрте ие болған. Ал 110 қазақстандық жауынгшер үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Ұлы Жеңіс үшін өз өмірін қиды. Жалпы, 630 мың жерлесіміз қасық қаны қалғанша шайқасып ұрыс алаңында қаза тапты. Бұл қаралы тізімде хабар ошарсыз кетіп, тұтқыннан оралмағандары да бар.