«Jibek Joly» туристік пойызы қайта жолға шығады

«Jibek Joly» туристік пойызы қайта жолға шығады

«Алматы» - «Түркістан» - «Отырар» - «Самарқан» - «Бұхара» - «Ташкент» - «Алматы». «Jibek Joly» пойызының кезекті бағыты осындай. Туристік темір жол нысаны 19 қыркүйекте сапарға аттанады. Саяхатқа шығатын жолаушылар 6 күн ішінде Ұлы Жібек жолының тарихи және мәдени орындарын көре алады. Ежелгі сауда керуенінің ізімен қатысушылар Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Түркістандағы Отырар қалашығын, Бұхарадағы Арк бекінісі мен Ляби-Хауз алаңын, Самарқандағы Әмір Темірдің кесенесі мен Регистан алаңын, Ташкенттегі Төле би кесенесі мен Хазрет Имам мемориалдық кешенін көре алады.

Нариман Дүйсекеев, «Жолаушылар тасымалы» ресми өкілі:

- Туристік пойыздың қазіргі құрамы Қазақстан мен Өзбекстан арасында бесінші рет жолға шықты. Өткен маусымда аталған турға 1000-нан астам турист қатысты. Туристік пойыздың құрамы отандық өндірістің заманауи және жайлы вагондарынан құралған, олардың интерьері дәстүрлі ою-өрнек элементтерімен ұлттық стильде безендірілген. Пойыз бағыты Қазақстан мен Өзбекстанның көрнекті мәдени және тарихи орталықтары арқылы өтеді. «Jibek Joly» туристік пойызының іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, сондай-ақ мемлекет басшысының туристік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындауға ықпал ететін, теміржол туризмін дамытудағы маңызды қадам. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?