Оңтүстік Кореяда қазақстандық композитордың құрметіне арналған көрме ашылды

Оңтүстік Кореяда қазақстандық композитордың  құрметіне арналған көрме ашылды

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында қазақстандық композитор әрі музыкант Яков Ханның шығармашылығына арналған көрме ашылды. Корея Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мәдени орталығында сазгердің музыкасы ойнап, суреттері мен мұрағаттағы құжаттары көпшілік назарына ұсынылды.

Қазақстанда джаз музыкасының қалыптасуына ерекше үлес қосқан Яков Хан қайталанбас әуенімен елімізде ғана емес, көптеген шет елдерде де танылған. Ол Алматыдағы Республикалық академиялық корей театрында бірнеше жыл  жұмыс істеді. Сазгер былтыр 77 жасқа келіп, дүниеден озды. 

Ким Бен Хак,  ТМД корейлер мәдени орталығының басшысы:

– Біздің мұражайда тәуелсіз мемлекеттер достастығы корейлерінің 160 жылдық тарихы ұсынылған. Әлемге танылған қазақстандық композитор Яков Ханның еңбектерін де таба аласыз. Бұл көрме арқылы Корей халқы Қазақстандағы отандасының өмірімен етене таныса алады.

Айта кетейік, музыканттың құрметіне арналған көрме жыл соңына дейін жалғасады.