Қазақстанда туристік аймақтарды тексеру басталды

Қазақстанда туристік аймақтарды тексеру басталды

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында бүкіл ел бойынша демалыс аймақтарын тексеруді бастады. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Қонаев қаласындағы ең танымал демалыс орындарының бірі Қапшағай су қоймасының жай-күйімен танысты. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жағалауға 860 мыңнан астам адам келген. Өңірде - 140 туристік нысан мен 8 коммуналдық жағажай бар. Сапар барысында Ермек Көшербаев жағажай және жол инфрақұрылымының жай-күйімен, аумақты санитарлық күтіп ұстаумен, сондай-ақ шұғыл қызметтердің дайындығымен танысты. Вице-премьер аймақ әкімдігіне биылғы күзге дейін солтүстік жағажайға баратын жолдың жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, Ермек Көшербаев Алакөл көлі жағалауы инфрақұрылымының қазіргі жағдайымен танысты. Жағажайдағы санитарлық жабдықтауды күшейтуге, қауіпсіздік пен жөндеу жұмыстарына баса назар аурылды. Айта кетейік, биыл Алакөл көлінің жағалауында ауқымды реконструкциялау және абаттандыру жұмыстары басталды, оған облыстық бюджеттен 650 млн-астам қаражат бөлінді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?