Қазақстанның теннистен құрамасы Польшамен өтетін матчқа қызу дайындалуда. Алғашқы болып кортты Анна Данилина мен Юлия Путинцева байқап көрді. Оларға Елена Рыбакина, Гозал Айнитдинова және Жанель Рүстемова қосылады. Жарыс алдындағы дайындық қыздарымыздың қарсылас командасында да жүріп жатыр. Қос команда өкілдері бүгін баспасөз брифингін өткізіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
Дэвид Целт, теннистен Польша құрамасының капитаны:
- Біз Қазақстанға алғаш рет келдік. Әрине, біздің теннисшілер Қазақстан спортшыларымен иық теңестіре бәсекелескісі келеді. Дегенмен, бұл командалық ойын болғандықтан жеңіске жетуге болады. Қарсыластарымыз осал емес. Өте тәжірибелі команда.
Ярослава Шведова, теннистен Қазақстан құрамасының капитаны:
- Ел намысын қорғайтын додадаларда күтпеген жағдайлар болады. Кез келген команда жеңіске жетуі мүмкін. Қарсыластың құрамына қарамастан, барынша дайындаламыз. Біз оңтайлы құрама жасақтаймыз.
Естеріңізге салайық, Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі Астанада 14-15 сәуір күндері өтеді.