Алматыда тарихи зергерлік бұйымдар ұсынылды

Алматыда тарихи зергерлік бұйымдар ұсынылды

Алматыдағы мемлекеттік орталық музейде тарихи  зергерлік  бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды. Музей  қорында түрлі тарихи кезеңге жататын 14 мыңнан астам зергерлік бұйым сақтаулы.  Жақында олардың жеті жүзден астамы қалпына келтірілді. Мәселен, мына сырға 2013 жылы археологиялық экспедиция кезінде Күлтөбе қорғанынан табылған. Ерекше пішіндегі әшекей гранатпен қапталған. Алтын бұйым шамамен біздің заманымыздың 2-4-ші ғасырларына жатады.

Шолпан Тұрсынбаева, ҚР Орталық мемлекеттік музейінің бөлім жетекшісі:

– Бұл заттар музейдің археологиялық қазба жұмыстарынан табылған. Күлтөбеден табылған Оңтүстік Қазақстаннан табылған сырға бар. Таза алтыннан жасалған. Сосын гранатпен әшекейленген. Сол сырға біздің көрмеде бірінші рет қойылып отыр.

Ринат Сонарбаев, қалпына келтіруші:

– Бұларды қалпына келтірген кезде әртүрлі  әдістер пайдаланамыз. Ең алдымен бұл зат қандай жағдайда,  қалай бүлінгеніне қарай оның қалпына келтіру процесін пайдаланамыз. Тасы түсіп қалған жерге қайтадан тас саламыз. Сосын қарайып кетсе оны арнайы қышқылдар бар күміс тазалайтын. Солармен тазалаймыз. 

Экспозицияда аты аңызға айналған 19-20 ғасырлардағы қазақ әйелдерінің зергерлік әшекейлері де ұсынылған. Мұнда халық әртісі Шара Жиенқұлованың қос білезігі, күміс көмей әнші Жамал Омарованың белбеуі мен тұмары бар. Опера әншісі Күләш Байсейітованың сахналық әшекей бұйымдары да көрменің ажарын аша түсуде.