Қазақстанда төтенше жағдайларға бірыңғай радиобайланыс құрылды

Қазақстанда төтенше жағдайларға бірыңғай радиобайланыс құрылды

Қазақстанда туындаған төтенше жағдайлардың жедел алдын алу үшін бірыңғай цифрлық радиожүйе құрылады. Аталмыш жүйе-құтқарушылар, полиция мен Ұлттық гвардия сынды төтенше қызметтің бөлімдерін біріктіреді. Ауқымды платформа ел бойынша ведомстволар арасында сенімді байланысты қамтамасыз етеді, бұл жұмыстың жылдамдығын, сапасын және үйлестірілуін, сондай-ақ жеделділікті арттырады. Маңыздысы, жүйе интернетке және ұялы операторларға тәуелді емес. Бүгінгі таңда желіге республиканың 13 өңірі қосылған, сондай-ақ тағы сегіз базалық станция орнату жоспарда бар.


Руслан Сеитов, ҚР ТЖМ Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаментінің бас маманы:

– Қазіргі таңда ТМД елдерінде осыған ұқсас жүйе жоқ. Бұл жүйенің артықшылығы болашақта табиғи-техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ радиожиілік ресурсын үнемдейді. Бұрын әрбір ведомство өз радиожүйесін жеке құрған, ал жалпы құрылымдық жүйе – біріншіден қайталану мәселесін туындатпайды, екіншіден қаржы үнемделеді. Бұл жүйе ТЖ қаупі төнген немесе туындаған кезде ғана емес, басқа ведомстволарда күнделікті режимде пайдаланатын болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?