Дені бұған жеңілдетілген тәртіппен қол жеткізген. Оның ішінде 17 жарым мыңнан астамы қандас. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде хабарланды. Жалпы жыл сайын шамамен 20 мыңға жуық адам елімізде тұрақты тұру үшін құзырлы органға жүгінеді. Ал, тәуелсіздік алғалы бір миллионнан астам шетел азаматы еліміздің төлқұжатын алған. Айта кету керек, Қазақстан қос азаматтықты мойындамайды. Оны жасырған үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе ел шегінен шығару көзделген. Бұл елдің аумағынан түпкілікті қоныс тепкен отандастарымызға да тікелей қатысты.
Шұғыла Тұрлыбек, Ішкі істер министрлігіннің өкілі:
- Биыл қос азаматтық фактілерінің алдын алу мақсатында басқа елдің азаматтығын қасақана жасырғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға байланысты заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жоспарлануда. Өзге елдің азаматтығын қабылдап, шетелге кеткен Қазақстанның бұрынғы азаматтары 30 тәулік ішінде азаматтығын айыруды тіркеу үшін Қазақстанның консулдық мекемесіне жүгінуі қажет.