Заманауи жаңа тұрпаттағы әскер құру жолдары, қорғаныс саласын білікті де білімді мамандармен қамтамасыз ету. Осы және өзге де мәселелер елордада өткен әскери сала қызметкерлерінің кездесуінде талқыланды.
ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жүздесудің Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екенін, бұл ардагерлер мен бүгінгі сарбаздар арасындағы әскери дәстүрдің сабақтастығын нығайта түсетінін жеткізді. Кездесуге жоғары әскери оқу орындарының курсанттары, ел әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері және «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қатысушылары бейнебайланыс арқылы қосылды.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:
- Қарулы күштер қарқынды дамуда. Қазіргі заманның талаптарына сай. Біз халықаралық оқу-жаттығулар мен жарыстарға объективті төрешілік етіп, әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін көрсете алатын деңгейге жеттік. Жалпы айтқанда бүгінгі күні Қазақстанның армиясы – еліміздің қорғаны. Ал әскери қызмет ету – әскерде, Ұлттық ұланда, шекара қызметінде болсын, бұл тек парыз ғана емес, үлкен абырой мен құрмет.
Авторы: Ақзер Сегізбай