Қазақстанда сапасыз интернет үшін айыппұл сомасы артады

Қазақстанда сапасыз интернет үшін айыппұл сомасы артады

Қазақстанда қызметін сапасыз атқарған байланыс операторларына қатысты жауапкершілік күшейеді. Белгіленген техникалық талаптарға сай интернет немесе ұялы байланыспен қамтамасыз ете алмаған ірі кәсіпкерлік субъект үшін айыппұлды 10 есеге дейін ұлғайту ұсынылып отыр. Яғни енді 100 емес 1 000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр болмақ. Заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, оның көлемі 1,5 мың АЕК-ке дейін өседі. Мәжілісте отандық байланыс операторларын сапалы қызмет жасауға ынталандыратын жаңа заң жобасы мақұлданды. Сондай-ақ отырыста биыл Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары пилоттық режимде 5G мобильді желісіне қосылатыны айтылды. Ал аймақтар байланыстың осы түрімен 2023-2024 жылдар аралығында қамтылмақ.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов