Ералы Тоғжанов: әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесі күн тәртібінде тұр

Ералы Тоғжанов: әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесі күн тәртібінде тұр

Әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесі Үкіметте талқыланады.  Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Аталған мәселе жыл соңына қарай БАҚ өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік кодекс аясында егжей тегжейлі талқыланбақ.

«Бұл тақырыпты шахтерлер ғана көтеріп отырған жоқ. Мүгедектігі бар балалардың аналары да айтып жүр. Әйелдердің зейнет жасы қазір 60 жас шамасында. Мәселе күн тәртібінде тұр. Әлі  бірнеше талқылау жүреді», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Айта кетейік, жуырда Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов  әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету туралы ұсыныс жасаған болатын.