Қазақстанда санавиация белсенді дамуда

Қазақстанда санавиация белсенді дамуда

Қазақстанда санитарлық авиацияны дамыту жаңа деңгейге шығуда. Енді барлық шұғыл көмек Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында тегін көрсетіледі. Мұнда тікұшақ алаңы мен санитарлық авиацияға арналған ұшақжай орналасқан. Бұл еліміздің кез келген өңірінен пациенттерді жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Бірінші жартыжылдықта мұнда мыңнан астам ұшырылым жасалды. Сондай-ақ, 5 халықаралық тасымал орындалды. Ауыр жағдайда емделушілер Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Египет және Вьетнамнан жеткізілді. Айта кетейік, орталық ашылғалы бері 3 мыңға жуық адам емделді.


Ержан Әділбеков, Астана қаласы, Ұлттық шұғыл медицина коодинациялық орталығының басқарма төрағасы:


- Бізде әуе кемелерінің паркінде 11 АН-2 ұшағы бар, олар өңірлерде, аудандардан облыс орталықтарына ұшады. Оған қоса «Казавиаспас» авиакомпаниясының 16 тікұшағы бар, олар МИ-8 және Еурокоптер-145 тікұшақтары. Бізде трансплантация желісі бойынша ағзалар және отаны жүзеге асыратын бригаданы тасымалдаймыз.

Орталықта жалпы хирургия, нейрохирургиядан бастап акушерлікке дейінгі 29 бағыт бойынша көмек көрсетіледі. Мұнда ем алғандарың арасында АҚШ, Корея, Чехия және басқа да елдердің азаматтары бар. Ал, жақында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының қабырғасында алғашқы сәби дүниеге келді. Дәрігерлер мұны жақсылықтың нышаны деп санайды: бұл жерде адам өмірін сақтап қана қоймай, жаңа өмір бастау алады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?