Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті. Еске сала кетейік, бұған дейін елімізге аталған препараттың алғашқы партиясымен 379 мың доза вакцина жеткізілген болатын. Сала басшысының мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні 1 313 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйел екпе алды.
Сондай-ақ ведомство басшысы Pfizer вакцинасы ақылы нарыққа жеткізілетінін жеткізді. Жалпы осы күнге дейін иммундалуға жататын Қазақстан тұрғындарының 69% толық вакциналанған. Үкімет отырысында коронавируспен ауыру көрсеткіштерін жариялаған Алексей Цой жргізілген талдаулар инфекцияны ауыр өткеріп жатқан науқастардың негізгі үлесі вакцина алмаған халыққа тиесілі екенін атап көрсетті.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі:
- 1 ақпаннан бері вакцина алмаған науқастардың коронавируспен ауырғандар арасындағы үлесі шамамен 95% болып отыр. Ал вакцина алған азаматтар 5% ғана. Өкпені жасанды желдету аппаратына жалғанған науқастардың үлесі де осыған ұқсас, 96% жуығы вакцина алмаған. Бұл мәліметтер вируспен күресте вакцинадан басқа тиімді тәсіл жоқ екенін көрсетеді.
Авторы: Ақзер Сегізбай