Қазақстанда Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпір ашылды

Қазақстанда Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпір ашылды

Қазақстанда Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпір қолданысқа берілді. Енді Шығыс Қазақстан облысының 6 бірдей ауданының тұрғындары жыл бойы еркін әрі қауіпсіз қатынайды. Елдің аса ірі су қоймасының екі жағалауын байланыстыратын өткелдің ұзындығы бір шақырымнан асады. Екі жолақты көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады. Бұл жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды. Оның ашылуына Премьер-Министр қатысты. Олжас Бектенов маңызды көлік дәліздері өтетін аймақта салынған жаңа көпір еліміздің логистикалық әлеуетін арттырып, шекаралас елдермен үздіксіз байланысты қамтамасыз ететінін тілге тиек етті.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?