Жаңа жүйе «Smart Data Ukimet» аналитикалық жүйесімен интеграцияланған, онда мемлекеттік органдардың барлық дерекқоры жинақталған. Азаматтардың табыс деңгейі, жылжымалы және жылжымайтын мүліктің болуы, отбасы құрамы, кредиттің болуы және т. б. сияқты әртүрлі ақпарат та дәл осы жүйеде қамтылған. Қолда бар деректер негізінде экономикалық, әлеуметтік, тұрғын үй жағдайлары, денсаулық пен білім бойынша отбасының әл-ауқат деңгейін бағалауға және қадағалауға мүмкіндік беретін талдаулар жүргізіледі. Мұқтаж жағдайда жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемді проактивті түрде алуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, отбасының цифрлық картасы өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылды. Бүгінгі таңда жүйеде Қазақстанның 19 млн астам азаматы немесе 6,3 млн отбасы туралы ақпарат жинақталған.