Астанада «Шұғылалы ертегілер» деп аталатын ерекше жинақтың тұсаукесері өтті. Кітап мазмұны өте бай әрі оқырманның сыни ойлау қабілетін қалыптастырады. Мәселен, бірнеше хикая гендерлік стереотиптер турасында дұрыс ұстаным қалыптастыруға жетелейді. Сондай-ақ табиғатты аялау, салауатты өмір салтын сақтау, қонақжайлылық, басқалармен тең және әділ қарым-қатынас, отбасы құндылықтары тақырыптар қозғалады. Мемлекеттік тілде жарық көрген жинақ 5 пен 12 жас аралығындағы оқырмандарға арналған.
Мария Доценко, Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының өкілі:
- Бұл кітапта қыз да, ұл да батырдың бола алатыны туралы қысқа әңгіме бар. Яғни қалыптасқан стереотиптерді бұзып, қалыптасқан пікірдің өзге қырын танытып отырмыз. Жас оқырмандар, сондай-ақ олардың ата-аналары осындай кітаптарды оқып, әдебиеттерді, ертегілерді тамашалап, қыздар мен әйелдердің құқығы ұлдар және ерлердікімен бірдей екенін түсінеді деп үміттенеміз. Яғни бұл кітап бір жағынан кішкентай бүлдіршіндерге арналған сияқты, бірақ оның мағынасы тереңде жатыр.
Айта кетейік, «Шұғылалы ертегілер» жинағы балаларға кітап нұсқасында да, мобильді қосымшада аудио форматта да қолжетімді.