Қазақстан астанасында 2035 жылға дейін жаңартылған бас жоспар бойынша логистикалық
хабтардан бастап энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина, туризм және ІТ
салаларындағы жоғары технологиялық зауыттарға дейін 125-тен астам инвестициялық
жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Әзірлеушілердің айтуынша, жаңа
кәсіпорындар индустриялық аймақтың дамуына серпін беріп, Астана экономикасының
нақты секторының үлесін арттырады. Бұл мегаполистің орнықты әрі технологиялық
болашағына жасалған нақты қадам. Негізгі бағыттар, көлікке қолжетімділікті
жақсарту мақсатында еліміздің бас қаласында қоғамдық көлік үшін 230 шақырымнан
астам жүрдек жол салу жоспарлануда. Алдағы бірнеше жылда алғашқы 102 шақырым
пайдалануға беріледі. Автобустар мен ЖРТ-ға басымдық беріледі. Айта кетейік,
қазір қала тұрғындарының 40% жуығы қоғамдық көлікті пайдаланады, ал 2035 жылға
қарай бұл көрсеткіш 71 пайызға дейін өсуі тиіс.
Марат Сәдуов, «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ ЖШС Бас директорының орынбасары:
- Қоғамдық көлік бойынша жұмыстар бізде қоғамдық көліктің тоқтаусыз жүруіне
және автомобильдер, такси және басқа да әдеттегі дәстүрлі қозғалыс құралдарына
қарағанда жылдам жүруіне бағытталған. Жаңа бас жоспар бойынша қоғамдық көлікпен
жүретін қала тұрғындарының жайлылығы басымдыққа ие. Сонымен қатар, біз
велосипед инфрақұрылымының да қала тұрғындары үшін өте маңызды екенін жақсы
түсінеміз. Бас жоспарға сәйкес веложол желілері қайта қаралады.
Бұдан басқа, қалада 750 жаңа аула және қоғамдық кеңістік құрылады. Олардың қатарында «Мыңжылдық» желілік паркі мен «Green Line» жаяу жүргіншілерге арналған желекжол бар. Сонымен қатар, Көгалдандыру алаңдары да ұлғайтылады.

