Қазақстанда бас санитарлық дәрігердің маймыл шешегі таралуының алдын алу жөніндегі қаулысы күшіне енді. Құжатқа сәйкес шекарада санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, әуежайларда, автомобиль пункттерінде міндетті байланыссыз дене температурасын өлшеу құралдары, сондай-ақ эндемиялық елдерден келгендерге бақылау енгізіледі. Әуежайлар,вокзалдар және автостанцияларда дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұдан басқа, ПТР-тест тапсыру орындары мен зертханалар дайындалды. Әкімдіктерге науқас анықталған жағдайда инфекциялық стационарлардың дайындығын, медицина қызметкерлері үшін дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныш құралдарының қорын қамтамасыз ету тапсырылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері әлемде маймыл шешегі індетіне шалдыққандар саны 23 мыңға жетті. Аурудан 600-ден астамы қайтыс болды.