Қазақстанда әлемдік медициналық компаниялар өз өндірісін ашуға ниетті

УЗИ құрылғылары мен томографтар, медициналық мекемелер 

Елімізде заманауи ультрадыбыстық зерттеу аппараттары мен компьютерлік томографтар шығарылатын болады. Қазақстанда денсаулық сақтау саласына арналған жабдықтар мен цифрлық шешімдердің әлемдік жетекші компаниясы өз өндірісін ашуға ниетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары барысында осындай уағдаластыққа қол жеткізілгені белгілі. Тараптар негіздемелік келісім жасасты. Ынтымақтастық туралы құжатта өзге де салалық басымдықтар қамтылған. Ұзақмерзімді әріптестік аясында бірқатар бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген.

Елена Легезина, Медициналық жабдықтар өндірісі компаниясының  Ресей/ТМД бойынша президенті және атқарушы директоры:
-
Бұл негіздемелік келісім 4 басты бағытты қамтиды. Біріншіден Қазақстан аумағында өндірісімізді құруға қатысты. Сондай-ақ қызметтік қолдау аясын кеңейту. Сонымен қатар мамандарды оқыту бағдарламалары. Төртіншіден медициналық инфроқұрылымды цифрландыруды қолдаумен байланысты.

Архив дәрі-дәрмектер мен вакциналар аттарын көрсетпеу керек

Дүниежүзіне танымал фармацефтикалық холдинг те елімізде төл өнімдерін шығаруға мүдделік танытып отыр. Әлемдік алпауыт компания ел аумағында дәрілік заттар әзірлейтін зауыт салуға дайын екендерін жеткізген. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сөзінше, жаңа кәсіпорында вакцина жасауға басымдық берілмек.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-
Пневмоккогтық инфекцияға қарсы вакцина жасалатын болады.  Бұл вакцинамен көбіне кішкентай балалар пневмонияға қарсы болғандықтан егіледі. Сонымен қатар дүниежүзін бойынша егде жастағы адамдар, әсіресе өкпелері ауратын адамдардың ауруы асқынып кетпес үшін осындай вакциналармен егілу профилактикасынан өтеді.