Қазақстанда машинажасау саласында өндіріс көлемі рекордттық деңгейге жетті. Мәселен, қазан айында ол тарихи ең жоғарғы көрсеткішті көрсетті. Осы айда жиналған машиналардың саны қыркүйек айындағыдан 22% асып, 13 мыңнан астам автокөлік шығарылды. 2022 жылдың қазанымен салыстырғанда айырмашылық 2 еседен көп болды. Биылғы жылдың 10 айында отандық конвейерлерден 113 мың көлік шықты, деп атап өтті Бірінші кредиттік бюроның сарапшылары. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша автоөнеркәсіптің өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 507 млрд теңгеге қарағанда құндық мәнде 847,5 млрд теңгені құрады. Нақты мәндегі өндіріс көлемінің өсуі 40% тең келді. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл көрсеткіш алдағы уақытта Қостанайда қолға алынған жаңа автомобиль зауыты құрылысының арқасында арта түседі. Қуаты 70 мың автокөлік құрастыруға қауқарлы жоба 2025 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Жалпы машина жасаудағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі қазірдің өзінде 45% жетті. Осылайша, бұл бағыт еліміздегі машина жасау саласының драйвері, әрі индустрияландырудың негізі болып қала беретінін көрсетіп отыр.