Астанада таеквондодан Kazakhstan Open 2025 халықаралық турнирі басталды

Астанада таеквондодан Kazakhstan Open 2025 халықаралық турнирі басталды

Астанада таеквондодан Kazakhstan Open 2025 халықаралық турнирі басталды. Жарыс 14-16 тамыз аралығында елорданың спорт сарайларының бірінде өтеді және оған әлемнің 22 елінен 750-ден астам спортшы жиналады. Олардың арасында олимпиада чемпиондары мен әлемдік рейтинг көшбасшылары да бар. Қазақстанда алғаш рет өтетін жарыс аясында жаңа электронды қолғаптар мен KPNP K-2 соққыларын тіркеудің жаңартылған жүйесі пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, көрермендер Дүниежүзілік таеквондо федерациясының көрсетілім командасының алғашқы қойылымын тамашалайды. Турнирдің жүлде қоры шамамен 16 миллион теңге. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс World Taekwondo күнтізбесі аясында өткізілуде және 2026 жылғы Гран-при финалына дайындықтың маңызды кезеңі, сондай-ақ Қазақстанның 2027 жылы әлем чемпионатын өткізуіне өтінімі болды. Биыл жаңашылдықтарға, соның ішінде бүкіл әлем бойынша танымалдылыққа ие болып келе жатқан виртуалды таеквандо пәнін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.


Чунгвон Чо, World Taekwando президенті:

- E-Taekwondo, әсіресе жастар арасында танымал виртуалды пән. Өздеріңіз білетіндей, 2027 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті алғашқы Олимпиадалық киберспорт ойындарын өткізеді, E-Taekwondo ойын бағдарламасына енгізілді. Біз Мәдениет және спорт министрлігімен жемісті келіссөздер жүргіздік. Қазақстанда виртуалды таеквондоны енгізуге үлкен қызығушылық танытып отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?