Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

Қазақстанда ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы аяқталды. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің 730 әкімін таңдауға арналған саяси бәйгеге 2 297 үміткер түсті. Олардың жартысынан астамы – өзін-өзі ұсынған кандидаттар. Қалған 38% – саяси партиялардың өкілдері. Мамандардың мәліметтеріне сәйкес, өз таңдауларын жасауда Шығыс Қазақстан және Жамбыл өңірлерінің тұрғындары белсенділік танытқан. Ондағы халықтың 90% астамы дауыстарын берген. Бұл ретте Алматы облысының белсенділігі төмен болды. Елдегі сайлау барысын 2 мыңнан астам бақылаушы қадағалады. Олардың айтуынша, айтарлықтай заңбұзушылықтар тіркелмеген.

Төлеген Құнаділов, партиялық емес байқаушылар орталығының төрағасы:

- Біздің байқаушылар дауыстарды есептеу барысын қадағалауға қалды. Бәрі ашық өтті. Сайлау комиссияларының жұмысына ескерту түскен жоқ. Сайлаудың заңдылығы мен ашықтығына әсер еткен жағдайлар болған жоқ.

Сарапшылардың пікірінше, бұл науқан ауыл тұрғындарына үлкен жауапкершілік жүктеді. Себебі олар өз жетекшілерін өздері таңдады. Жаңадан сайланған әкімдерге де сеніп тапсырылған халық үмітін ақтау үшін аянбай еңбектену қажет. Мамандар бұндай жаңашылдық ауыл өмірін жақсартудың қамы дейді.

Еске салайық, сайлаудың қорытындысы 3 күннің ішінде шығады. Кейінгі 7 күн бойы әкімдердің тіркеуі өтеді.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов