Облыстық әкімдіктердің дерегіне сәйкес, бұл өткен жылғы көрсеткішпен тең, деп хабарлайды ауылшаруашылығы министрлігі. Ведомствада көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша жедел штабтың алғашқы отырысы өтті. Биыл астық және жем-шөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту жоспарланып отыр. Алдын ала есеп бойынша кем дегенде 18 мың гектарға қант қызылшасы егіледі. Сондай-ақ көкөніс және бақша дақылдарының егісін көбейту жоспарда. Бұған қоса 10 мыңға жуық гектар алқапта күріш өсіріледі. Мемлекет өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады. Атап өтсек, биыл тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға жергілікті бюджеттерде 11,4 млрд теңге қарастырылған, тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына 31 млрд-тан астам теңге қарастырылған.