Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен тәулікте 67 жұқтыру дерегі тіркелді деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия. Осылайша республика бойынша коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 306 300-ге жетті. Антирейтингтің көшбасында Алматы қаласы тұр – 52 жаңа жағдай анықталды. Екінші орында елорда келеді, мұнда 15 адамның бойынан жұқпалы індет табылды. Айта кетейік, бұған дейін ел бойынша 66 адамның коронавируспен ауырғаны белгілі болған еді. Жалпы елде COVID-19-дан сауыққандар саны 1 млн 292 мыңнан асты.