Қазақстанда қазақ жылқы тұқымын сақтау үшін мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Қазақстанда қазақ жылқы тұқымын сақтау үшін мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Қазақстанда атбегілер қазақ жылқы тұқымын сақтау үшін мемлекеттік қолдау алады. Тиісті құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, спорттық бағыттағы сәйгүліктер үшін субсидия жем және тағы да басқа баптауға қажет керек заттарды сатып алу мақсатында берілмек. Ол үшін республикалық және жергілікті қазынадан мемлекеттік шығыстарды ұлғайту жоспарланып отыр. Айта кетейік, бейінді ведомствоның мәлімдеуінше, бүгінгі күнге дейін бұл бағытта ақша бөлінбеген. Бүгінгі таңда елімізде асыл тұқмыды қостанайлық спорттық жылқылардың 270 басы бар.