Қазақстан 2024 жылда Түркияның ҰҰА шығарыла бастайды

Түркияның ANKA ұшқышсыз ұшақтары Қазақстанда шығарыла бастайды. Өндірістің басталуы 2024 жылға жоспарланған. Turkish Aerospace Industries өкілі Эрол Оғыздың айтуынша, компания отандық мамандармен тек технология ғана емес, тәжірибемен де бөлісуге дайын. Болашақта бұл республикаға өз аумағында толық өндірістік циклді орната отырып, дрондарды дербес шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда инвестиция көлемі пысықталуда. Жалпы, жоба әскери-техникалық ынтымақтастық меморандумын жүзеге асырудың нәтижесінде жүзеге асырылып отыр. Құжатқа 2022 жылы Kazakhstan Engineering ұлттық компаниясы мен Turkish Aerospace арасында қол қойылған. Жалпы,  түрік құрылғыларын сынау жазда Жамбыл облысындағы оқу орталығында басталған.

Эрол Огуз,  ұшқышсыз ұшу аппараттарына бағдарламаны әзірлеу бойынша менеджер:
- Мұндай ауқымды бағдарламалар мен жобалар жан-жақты талқыланып, келісілуі керек екенін білесіздер. Сондықтан біз әлі де компания басшылығымен, сіздің үкіметіңізбен, сондай-ақ осы бағдарламаның бөлігі болуы мүмкін компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз кез келген уақытта жұмысқа кірісуге дайынбыз, бірақ, әрине, бұл белгілі бір дайындық кезеңін қажет етеді. Дегенмен, жобаны келесі жылы іске қосамыз деп отырмыз.