Қазақстанда
тұңғыш рет роботтың көмегімен ота жасалды. Астанадағы Ұлттық травматология мен
ортопедия орталығының мамандары америкалық қондырғының қызығын көріп үлгерді.
Кезегін күткен емделушілерге тізе және жамбас сүйектегі буын ауыстыру осы автоматтандырылған
жүйенің көмегімен жүзеге асады. Яғни, ол артрит пен артрозға шалдыққан
жандардың дертінен айығуына септеседі. Сонымен
қатар ота жасау уақытын да едәуір үнемдейді. Робот өздігінен ота жасамайды. Бар
болғаны дәрігерлер берген нұсқауды асқан дәлдікпен орындайды.
Жұмахан Сламов,
Травматолог-ортопед дәрігер:
- Роботтың бір
жақсысы – ол есептеп болған өлшемдердің барлығын тізе немесе жамбас буын ол
ауытқу бермейді, ығыспайды ешқайда. Жоғары, төмен, оңға немесе солға ығысуға
жол бермейді. Себебі, бірден оны дұрыс емес деп есептейді. Сол үшін ол қатып
қалады. Сол үшін ота жасау барысында қателік мүмкін емес деуге болады.
Сұлушаш Оспанова,
емделуші:
- Екі аяғым да ауырады. Дәрігерлермен кеңісіп,
мені роботпен профессорларға аламыз деп. Келістік өзіміз, ескертті. Роботпен
жасаса, бұдан да лучше болады деген соң өз келісімімді бердім.