Қазақ киносының әлеуеті артып келеді

Қазақстан шетелдік кино өндірушілер үшін тартымды нарық. Оның ішінде,шетелдік кино майталмандарын бәрінен де қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне байланысты туындылар түсіру ойы қатты қызықтыруда. Мәселен, америкалық студиялардың бірі салт атты қыз туралы кино түсіруді жоспарлап отыр. Бұл мақсатта, қазақстандық режиссерлермен әріптестік орнатпақ. Түсірілімдер Қазақстан мен АҚШ-та келесі жылы басталады деп күтілуде. Одан бөлек, Өзбекстандық және Беларусьтік кино компанияларымен де тығыз байланыс орнату жоспарлануда. Осы арқылы Екінші Дүниежүзілік Соғыстағы жеңіске арнап, туынды түсіру жоспарланған. Қазақ киносына қызығушылық тек Кәрі Құрлықта артқан жоқ. Бұған халықаралық кинофестивальдердегі отандық туындылардың жеткен жетістіктері дәлел.

Андрэ Иванов, Франциядағы Қазақ киносы қауымдастығының президенті:

– Біз сенегал мен Марокконың екі үздік кинематографиялық компанияларымен тығыз әріптестік орнаттық. Тіпті, достастық десем, артық айтқаным емес. Мәселен, Сенегалда ең танымал режиссер – Мусса туре, Канн фестивалінің қатысушысы. Ол Қазақстанмен бірлесіп кино түсіруге асық. Ал, екінші режиссер, Марокколық – Абдель Альджауари Марокко кинематографисттер қауымдастығының төрағасы. Ол да Қазақстанмен бірлесіп туынды жасасам деген ниетін жасырмады. Африка құрлығы да қарқынды дамып келе жатқан нарық. Олар Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеудің әлеуеті жоғары дейді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Қытаймен де бірлескен жобаларды жүзеге асырды. 2019 жылы Композитор киносы экранға жол тартқан. Ал, 2020 жылы «Барымташылар. Уақыт Жолдары» фильмі Жапониямен бірге түсірілген еді. Биыл көгілдір экранға Қазақстан мен Грузия майталмандарының бірлесіп түсірген фильмі шықты. Сонымен қатар Ресеймен бірлесіп түсірілген «Жақында жаз аяқталады» комедиялық драмасы да көрерменге жол тартты.