Қазақстанда Каспий теңізін зерттейтін ғылыми институт ашылады

Ғылыми  институт қызметі бірнеше бағытты қамтиды. Негізгі күш Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеу жұмыстарына жұмсалмақ. Ғалымдардың келесі тобы итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін анықтау және олардың популяциясын сақтап қалу жұмыстарымен айналысады. Бұған қоса теңіздің ихтиофаунасын зерттеу тобы құрылмақ. Атырау облысы әкімдігінің хабарлауынша,  институтты құру барысында Каспий маңы мемлекеттеріндегі әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста болу көзделген.

Айта кетейік, мамандардың айтуынша соңғы онжылдықта Каспий теңізінде су деңгейі төмендеуі 29 метрге жуықтап қалды. Бұлай жалғаса берсе, теңіздің эко жүйесінде тепе-теңдік бұзылып, қоршаған ортаға айтарлықтай зияны тиеді.