Қазақстанда автомобиль дискілерін шығаратын зауыт салынуы мүмкін. Жаңа жобаны бірінші Ташкент инвестициялық форумында еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өзбекстандық бизнес серіктестермен талқылады. Көрші республикамен машина жасау саласында бірлескен орта деңгейдегі жобалар бар. Енді тараптар автомобиль дискісі мен басқа да бөлшектерді ел аумағында жасауға ниетті.
Айта кетейік, форумға қазақстандық бизнес өкілдері де қатысты. Олар іскерлік кездесулер аясында бірлескен кәсіпорындар құруға бағытталған 10-нан астам келісім жасасты.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Сол себепті 100 шақты кәсіпкерлер бізбен еріп келді. Қазақстанда, Өзбекстанда бірге атқаратын кәсіпке дайын тұрмыз. Сондықтан жиналып, талқылап жатырмыз.