Қазақстан қандастарға тегін білім беруге дайын. Тек көршілес өзбек еліндегі отандастарымыз республиканың 7 университетінде оқи алады. Бұл туралы қазақстандық жоғары оқу орындарының Ташкенттегі жергілікті қазақтармен кездесуі барысында айтылды.
Айта кетейік, қазақстандық білім ордалары қандастарға тарихи отанда білім алу мүмкіндігін тұрақты түрде ұсынып келеді. Мемлекеттік гранттар бойынша бөлінетін квотаның 4 проценті шет елдегі қазақтарға тиесілі.
Серікбай Үсенов, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы:
– Бізде мәселен 128-ге жақын ЖОО болса да, оқитын балалар көп. Сондықтан бұларды шетелде де оқытып жатырмыз. Қазақстаннан 7 университет келіп, жастарымызды оқуға тартып жатқанына ризамыз. Осындай барды-келдіміз жоғалмасын.