Қазақстан халықаралық авиациялық хаб құруға ниетті

Қазақстан халықаралық авиациялық хаб құруға ниетті

Астана халықаралық әуежайы таяудағы бірнеше жылда 12 млн жолаушыға қызмет көрсететін болады. Бүгінде бұл көрсеткіш 9 млн жуықтады. Үкіметте елордалық әуе айлағын дамыту мәселелері қаралды. Жоба аясында жаңа ұшу-қону жолағын салу, перрондар мен терминалдарды жөндеу, техникалық құралдарды жаңарту қарастырылған. Одан бөлек, логистикалық кешендер, қоймалар, қонақүйлер, кеңселер және әкімшілік ғимараттар салу арқылы инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр. Бұл Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі міндеттері шеңберінде жүзеге асырылуда. Осы орайда, Қазақстан Boeing ұшақтарын сатып алауды межелеп отырғанын айта кету керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында отандық Air Astana америкалық әуе компаниясымен келісімге қол қойды. Оның жалпы құны 7 млрд долларды құрайды. Алғашқы Boeing 787-9 Dreamliner ұшағы елімізге келесі жылы жеткізіледі. Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы мен Boeing арасындағы әріптестік те жалғасуда. 2035 жылға дейін 15 дана Boeing 737 ұшағын сатып алу жоспарланып отыр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?