Қазақстанда инвестициялар тарту үшін қор құрылады

Қазақстанда инвестициялар тарту үшін қор құрылады

Қазақстанда 1 млрд доллар жеке инвестицияларды тартуға бағытталған қор құрылады. Ол елімізге венчурлік нарықты дамытудың жаңа кезеңіне шығуға және инвестициялар мен технологиялардың халықаралық экожүйесіне енуге жол ашады. Яғни, бұл бағыттағы ірі ойыншылармен ынтымақтастық құрып, елге шетелдік бизнес пен жаһандық капитал тартуға және стартап-экожүйесін жетілдіруге сеп болмақ. Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов қор қызметінің бағыт-бағдары мен мақсатын венчурлік қаржыландыру саласының жетекші сарапшылары, отандық және шетелдік бизнес қауымдастықтарының өкілдерімен талқылады. Инвестициялар ағыны негізінен жасанды интеллектті, денсаулық сақтауды цифрландыру және басқа да технологиялық жобаларды дамытуға бағытталмақ. Бүгінде қордың бастапқы капиталын қалыптастыруға қазақстандық ірі бизнес өкілдерінен 100 млн доллардан астам сомаға өтінімдер жиналды. Салалық министрліктің дерегінше, соңғы 5 жылда елдегі венчурлік капитал көлемі алты еседен астам өсіп, АҚШ валютасында 80 млн жетті. Бүгінде Қазақстан өңірдің осы бағыттағы барлық мәмілелерінің 70% астамын қамтып, Орталық Азияда көш бастап келеді.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?