Қазақстанда сәуірдің 24-і мен 30-ы аралығында иммундау апталығы өтеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Шара жыл сайын аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңызы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында өткізіледі. Апталық аясында сондай-ақ, COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға пандемиямен қарсы күрестің маңызды құралы ретінде ерекше назар аударылады.