Қазақстанда халықты вакциналау жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозасын 384 мыңнан астам қазақстандық алып үлгерді. Ал какцинацияның екі компонентін 106 мыңнан астам адам салдырды.
Айта кетейік, қосымша жылжымалы егу пункттері республиканың түкпір-түкпірінен белсенді түрде ашылуда. Мысалы, бас шаһарда екпе егу пункті қаланың ірі сауда орталықтарының бірінде жұмыс істеп тұр. Ашылған күннен онда 300-ден астам қала тұрғыны вакциналанды.
Шыңғыс Құрманбаев, «Шипагер» отбасы денсаулық орталығының директоры:
- Біз ресми түрде кешегі күннен бастап жұмыс істей бастадық, халық үшін вакцинацияны жаппай жүргізудеміз. Негізі біз өткен аптада, сенбі күні ашылдық. Алайда ол күні сауда орталығының қызметкерлерін иммундадық. Сенбі-жексенбі күндері қызметкерлердің 25% қамтыдық. Таңғы сағат 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Қазір бізде дәрігерлерді қабылдайтын 2 терапевт қабылдау кабинеті және 2 ем-дом кабинеті бар. Әр емдеу бөлмесінде 2 медбике және әр қабылдау бөлмесінде 2 терапевт бар. Біз 2 ауысымда жұмыс істейміз, сәйкесінше күніне 4 дәрігер мен 8 медбике қызмет етеді. Оған қоса 4 тіркеуші бар.
Қазақстанда халықты иммундау екі кезеңде жүргізілетінін атап өткен жөн. Пациент вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін, екіншісін тек үш аптадан кейін ғана салдырады. Екпе егілмес бұрын азамат дәрігердің мұқият тексеруінен өтеді.
Анастасия Маркварт, ерікті:
- Біз анкеталарды толтыруға, одан кейін қайда бару керегін, не істеу керегін айтып көмектесеміз. Адамдар кезекке тұрады, талон алады, сауалнамаларды толтырады, сосын тіркеуден өтеді. Тіркеуден өткен соң терапевтке барады, температураны тексереді, содан кейін ешқандай кедергі болмаса, азаматтарды вакцина алуға жібереді. Вакцинациядан кейін біз оларды тағы жарты сағат бойы бақылаймыз. Барлығы дұрыс болған жағдайда үйге жібереміз.
Вакцинаны учаскелік инспектордың рұқсатынсыз немесе анықтамасыз-ақ кез келген адам ала алады. Иммундаудан кейін науқасқа арнайы электрондық төлқұжат беріледі. Бұл болашақта ПТР-тестін қажет етпестен, еркін жүруге және саяхаттауға мүмкіндік береді.
Ильхом Гиясов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
- Менің жұмысым сапарлармен байланысты. Бүгін таңертең өз еркіммен вакцина қабылдадым, осылайша ең бірінші отбасымды қорғаймын деп шештім, өйткені отбасы ең маңызды орында. Бірінші болып өзім бастап қабылдадым, енді ертең әйелім мен қызымды алып келемін, олар да вакцина алып, дендері сау болғанын қалаймын. Әзірге өзімді жақсы сезінемін, бүгін вакциналаудың бірінші кезеңі болды. Барлығы жоғары деңгейде өтті.
Сарапшылардың деректері бойынша, вакцинадан кейінгі антиденелерді анықтауға арналған талдау вакцинаның бірінші дозасын енгізгеннен кейін 42-ші күні тапсырылады. Яғни алты аптадан кейін.