Өткен тәулікте тағы 639 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 118 643 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 819 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 134 706.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 16278 (+88)
Алматы қаласы – 16333 (+64)
Шымкент қаласы – 5390 (+9)
Ақмола облысы – 5522 (+90)
Ақтөбе облысы – 3502 (+9)
Алматы облысы – 5826 (+25)
Атырау облысы – 11736 (+28)
Шығыс Қазақстан облысы – 16807 (+137)
Жамбыл облысы – 4482 (+15)
Батыс Қазақстан облысы – 8181 (+41)
Қарағанды облысы – 11187 (+23)
Қостанай облысы – 5638 (+85)
Қызылорда облысы – 3296
Маңғыстау облысы – 3445 (+4)
Павлодар облысы – 6780 (+106)
Солтүстік Қазақстан облысы – 6803 (+90)
Түркістан облысы – 3500 (+5)
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 225 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 64 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 42 680, 448 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30 792 жетті.