Ел жастарын заманауи мамандықтарға бағдарлап, кәсіби машықтау. Осыған байланысты Қазақстанда еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімдеп, сұранысты қанағаттандыру үшін жаппай қайта даярлау «фабрикаларын» ашу көзделіп отыр. Бұл жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, біліктілікті арттыру орталықтары колледждер мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда құрылмақ. Алғашқыларын жастардың басым бөлігі шоғырланған Алматы, Шымкент қалаларында іске қосу көзделген.
Ержан Біржанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- Бұл – АҚШ және басқа да Еуропа мен Азия елдерінің тәжірибесі. Дағдарыс кезінде олар еңбекке жарамды халықты тез мамандықтарға үйретті. Яғни бұл – 2-3 жылдық оқу емес, 2-3 айлық курстар. Олар бойынша қажетті дағдыларды, тиісті сертификатты жедел алуға және нарыққа тез шығуға болады.