Бұл тұрғыда жүргізушінің 18 жасқа толуы, кез келген санаттағы көлік құралын басқару куәлігі мен шлемнің болуы, ал қас қарайғанда тиісті жарық түсіретін белгілерді тағу заңмен бекітілді. Сенат электр самокаттарын пайдалану талаптарына қатысты заңды мақұлдады. Парламент бұл құжатты Мемлекет басшысының қол қоюына жіберді. Енді аталмыш көлік құралымен қатынау жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы тиіс. Ал қозғалысы үшін арнайы орындар айқындалды. Көлік жолының оң жақ шетімен жүруге рұқсат беріледі. Бұл талап велосипед жолдарына да қатысты. Баратын жолда ондай мүмкіндік болмаған жағдайда жаяу жүргіншілер жолымен қатынауға болады. Тек жылдамдық сағатына 6 киллометрден аспағаны абзал. Бұл ең алдымен қауіпсіздік қамы.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Велосипедтерге арналған аумақтар мен тратуарларда қатынау үшін жасқа қатысты шектеу қойылмайды . Жасөспірімдер абайлап жүрсе болады. Қазір мопедтердің қозғалысын реттеуге қатысты да арнай заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл көлік түрі аса қауіп төндіруде. Әсіресе, Алматы, Астана, тіпті шағын қалалардың өзінде мәселелер туындап жатыр. Өйткені олар қолжетімді. Құны шамамен 200 мың теңге ге дейін тұрады. Сондықтан қазір біз мопед жүргізушілері, қоғам белсенділері, қала құрылысы және жол мамандарымен талқылаулар жүргізіп жатырмыз.
Депутаттардың сөзінше жолда жүру ережесін бұзғандарға қатысты екі айыппұл түрі қарастырылған. Олардың екеуі де 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салынады.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ішкі істер министрілігінің құрылымында жауапқа тартпас бұрын ескерту деген бар. Сондықтан заң шықты деп бәріне бірдей айып сала бермейді. Оның бәрі ескерілген. Тасымалдаушылар мен жалпы жүргізушілер алдымен ескерту алады. Ескермеген жағдайда ғана айыппұл салынады.
ПАРЛАМЕНТ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗДЫ РЕТТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Сондай-ақ сенаторлар бүгін тағы бір заңды мақұлдады. Құжат ел өңірлерін сұйытылған газбен қамтамасыз етуге және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын реттеуге бағытталған. Енді көгілдір отынды бөлу жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. Олар жеткізілетін көлемді жоспарға сәйкес бекітеді. Өндірушілер мен меншік иелері оны орындауға міндетті. Жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығы газ толтыру станциялары мен пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың, автогаз құю станцияларының иелерінде, сондай-ақ өнеркәсіптік тұтынушыларға беріледі.